Google Flow Music: AI Studio

2,74 мың пікір
Контенттің жас шектеуі
Барлығы үшін
500 м.+
Жүктеп алынғандар
Контенттің жас шектеуі
Барлығы үшін
Толық ақпарат
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні
Скриншот кескіні

Осы қолданба туралы

Тек 18 жастан асқандарға арналған. 18 жасқа толған және одан асқан пайдаланушыларға қолжетімді.
Google Flow Music – жасанды интеллектінің көмегімен ән шығаруды жеңілдететін Google Labs-тің ЖИ музыка студиясы. Көңіл-күйді сипаттап немесе әніңіздің сөзін қойып, толық, жоғары сапалы ән жасатып алыңыз. Содан кейін оны өзіңіздің жасанды интеллектілі музыкалық продюсеріңізбен ойыңыздағыдай шыққанша өңдеңіз.

Жазу студиясы, жабдықтар немесе музыка теориясы қажет емес. Алғашқы әуеніңізді жазғыңыз келсе де, жылдар бойы бит жасап жүрсеңіз де, Flow Music ән жазу процесіне кірісіп кетуіңізге көмектеседі.

КӨҢІЛ-КҮЙДІ НЕМЕСЕ ӘН МӘТІНІН ТОЛЫҚ ӘНГЕ АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ
"Таңғы 7-дегі эспрессома арналған күн шуақты хаус" сияқты нұсқауды теріңіз немесе жазған ән мәтініңізді қойыңыз. Сонда Flow Music вокал мен аспаптардан тұратын толық ән жасайды. Кез келген жанрды таңдаңыз: поп, хип-хоп, лоу-фай, хаус, инди-рок, R&B, кантри және т.б.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПРОДЮСЕРІҢІЗБЕН СӨЙЛЕСІҢІЗ
Қалағаныңызды айтып, тректі жақсартыңыз. Gemini-мен істейтін прюдюсеріңізден "төменгі жиілік анығырақ болсын", "бриджге гитара солосын қос" немесе "ән сөзін терең дауыспен айт" деп сұраңыз. Ол өзгерістерді қолданып, әніңізді әр қадам сайын жақсарып отыруын қамтамассыз етеді.

КАВЕР, АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ КЕҢЕЙТУ
Өз тректеріңізді жүктеп салыңыз немесе жасаған әндеріңізді ремикстеңіз. Жаңа стильде кавер жасаңыз, әннің бір бөлімін ауыстырыңыз (гитараны жылы Rhodes пернелерімен ауыстырыңыз) немесе әнді жаңа шумақпен немесе аутромен кеңейтіңіз.

ӘНІҢІЗГЕ АРНАП МУЗЫКАЛЫҚ БЕЙНЕ ЖАСАҢЫЗ
Google-дың бейне жасау моделі Veo арқылы жасалған жасанды интеллектілі музыкалық бейнемен трегіңізді жан беріңіз. Көріністі, кейіпкерлерді және көңіл-күйді өзіңіз анықтаңыз, содан кейін әніңізбен синхрондалған бейнені бөлісіңіз.

SPACES КӨМЕГІМЕН ҚҰРАСТЫРЫҢЫЗ
Spaces көмегімен алға қадам басыңыз: арнаулы аудио плагиндерін, музыкалық ойындарды немесе жеке шағын музыкалық қолданбаларыңызды жасаңыз. Басқалар пайдаланып, ремикс жасай алуы үшін оларды бөлісіңіз.

МУЗЫКАНЫ БӨЛІСІҢІЗ ЖӘНЕ ТАБЫҢЫЗ
Әндеріңізді жариялаңыз, ойнату тізімдерін жасаңыз, авторларға жазылыңыз және күн сайын жаңа музыкамен танысыңыз. Flow Music сіздің жасайтын музыкаңызға сүйеніп талғамыңызды үйрене бастайды және уақыт өте келе сіздің жеке дыбыс стиліңізге жақындай түседі.

Жаңа орындаушы немесе продюсер ретінде өз дыбыс стиліңізді табыңыз. Flow Music-ті ән шығарушы ЖИ құралы ретінде пайдаланып, досыңызға туған күн әнін, подкастыңызға тақырыптық ән, келесі бейнеңізге бит немесе тек өзіңізге арналған трек жасаңыз. Бүгін не жасайсыз?

Пайдалану шарттары: https://policies.google.com/terms
Құпиялық саясаты: https://policies.google.com/privacy
Құпиялық мәлімдемесі: https://www.flowmusic.app/privacynotice
ЖИ музыка студиясы: идеяны немесе сөздерді әнге, ремикске, бейнеге айналдырыңыз.
Жаңартылған күні
2026 ж. 25 қар.

Дерек қауіпсіздігі

Қауіпсіздік ұғымы әзірлеушілердің деректеріңізді қалай жинап, бөлісетінін түсінуден басталады. Дерек құпиялығы мен қауіпсіздік шаралары қолданбаңыздың пайдаланылуына, аймағыңыз бен жасыңызға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ақпаратты әзірлеуші ұсынды және оны өзгертіп тұруы мүмкін.
  • Үшінші тараппен ешбір дерек бөлісілмейді.
    Әзірлеушілердің деректерді бөлісу бойынша мәлімдемесі туралы толық ақпарат алыңыз.
  • Бұл қолданба осы дерек түрлерін жинауы мүмкін
    Локация, Жеке ақпарат және тағы 7
  • Дерек шифрланып өткізіледі
  • Деректің өшірілуін сұрай аласыз

Бағалар мен пікірлер

2,67 мың пікір

Жаңа функциялар

Android-қа арналған Google Flow Music-ке қош келдіңіз!